11:01 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10431 0 0

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем қазақстандықтарға төтенше жағдай режимі жарияланғанда төленген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленбейді. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице премьер әлеуметтік төлем азаматтарға елде төтенше жағдай жариялануына байланысты төленгенін атап өтті.

"Төтенше жағдай тоқтағаннан кейін оған ешқандай заңнамалық негіз жоқ. Сондықтан азаматтар әрі қарай мүмкіндігінше жұмыс істеген жерлерінде қызметін жалғастыруы тиіс. Осы жағдаймен тікелей байланыстыруға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын", - деді Тоғжанов баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда 5 шілдеден жаңа карантин басталады.

Ел ішінде әуе және теміржол қатынасы сақталады, бірақ бірқатар шектеу көзделген. Өңірлер арасында қалааралық автобустар уақытша тоқтатылады. Бұдан бөлек, қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі.

Сауда орталықтары мен базарлар, дәмханалар, қызмет көрсету орындары, басқа да нысандар жабылады. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істейді.

Шектеу шаралары әзірге екі аптаға енгізіліп отыр, одан кейін карантин ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Пневмония коронавирустан басым түсті – қайтыс болғандардың саны екі есе көп
Баспасөз хатшысы Елбасының денсаулығы туралы жазба жариялады
Динара Сәтжан желіде суыт хабар жеткізді
Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Тоғжанов
Қазақстанда карантин қандай жағдайда қатаңдатылады
Кілт сөздер:
карантин, әлеуметтік төлем
Загрузка...

Басты тақырып