Қоғам

Путин Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Нурсултан Назарбаев
Президент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көптеген елдің басшысы тұңғыш президентті келе жатқан туған күнімен және астана күнімен құттықтап жатыр

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президентіне елорда күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай құттықтау хаттар келіп жатыр.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа  арнайы видеоқұттықтау жолдады, делінген Елбасы сайтында. Алайда ол жерде видео әлі жүктелмеген.

"Мен біздің көпжылдық достығымызды қадірлеймін және мақтан тұтамын. Алғашқы кездесуімізден бастап арамызда ашықтығымен және кез келген күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге дайын болуымызбен ерекшеленетін шынайы жолдастық қарым-қатынас орнады.

Сіздің даналығыңыз бен көрегендігіңізді, зор жауапкершілігіңіз бен салмақтылығыңызды, өмірлік және басқару тәжірибеңізді барша жұрт мойындады. Сіз өз еліңізде және Ресейде, сондай-ақ бүкіл әлемде көрнекті мемлекет қайраткері және нағыз көшбасшы ретінде жоғары беделге ие болдыңыз. Осы жылдардың ішінде сіз ұлттық келісімді, тарихи, мәдени дәстүрлерді сақтай отырып, Қазақстанның тұрақты дамуына, болашаққа нық сеніммен қадам басуына зор еңбек сіңірдіңіз", - деді Владимир Путин.

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев те өз хатында мемлекет басшысы ретіндегі ұзақ мерзімді және жемісті қызметі барысында Елбасы тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті.

"Сіз ең күрделі тарихи кезеңде елді тиімді басқардыңыз, Қазақстанның жаңа тарихы мен тағдыры сіздің атыңызбен тығыз байланысты. Зор күш-жігеріңіздің, парасатты және көреген басшылығыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы өзінің үлкен экономикалық және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдаланып, бүгінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналды", - делінген жеделхатта.

Испания Королі Фелипе жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Монако князі II Альбер Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтап, оған және Қазақстан халқына мықты денсаулық, бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевты Чехия Республикасының президенті Милош Земан, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Израиль мемлекетінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху құттықтады.

Жаңалықтар
0