17:28 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
804 0 0

Бас санитар дәрігердің айтуынша, жарты жыл ішінде пневмониямен ауырғандар саны 55 процентке өскен

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдың маусым айында 628 адам пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оның айтуынша, өткен жыл мен осы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша пневмониядан болған өлім-жітім көрсеткіші қатты өзгермеген.

"2019 жылдың 6 айында 1 780 адам, ал биыл жарты жылда 1 772 науқас. Бірақ, осы жылдың маусымында пневмониядан қайтыс болғандар саны артып, 628 адам көз жұмғанын атап өтеміз", - деді Есмағамбетова онлайн брифингте.

2020 жылдың 6 айы ішінде пневмониямен ауырғандар саны былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ке өскен, ал маусымда төрт есеге көбейген.

"Бірақ, соңғы кездері пневмония диагнозы қойылған науқастарда коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсетіп жүр. Осылай болуы, әрине, мүмкін. Өйткені коронавирус инфекциясы жоғарғы тыныс жолдарынан төменгі тыныс жолдарына түседі, сол кезде ПТР тест оң нәтиже көрсете бермейді", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Вице-министр коронавирус жұқтырған қазақстандық шенеуніктер қалай емделетінін айтты

Бас санитар дәрігердің айтуынша, науқастар уақытылы ем алуы үшін клиникалық хаттамаға "коронавирустың ықтимал жағдайы" деген түсінік енгізілген. ПТР-тестілеудің нәтижесіне қарамастан, пациенттер хаттамаға сәйкес вирусқа қарсы ем қабылдайды.

Тақырып бойынша

Көкшетауда коронавирустан ерлі-зайыпты көз жұмды, ұлы жансақтау бөлімінде жатыр
Елордада 40 жасқа толмаған науқас көз жұмды – дәрігерлер жағдайды түсіндірді
Жүргізуші ауруханада көз жұмды: танымал актер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Пневмония коронавирустан басым түсті – қайтыс болғандардың саны екі есе көп
Дәрігерлер үлгермеді: екі науқас Бішкек ауруханасының ауласында көз жұмды – видео
Кілт сөздер:
қайтыс болды, науқастар
Загрузка...

Басты тақырып