17:12 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
181 0 0

Бас мүфти ақпараттың шынайылығына көз жеткізбей, жалған мәлімет тарату халық арасында үрей туғызатынын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жалған ақпарат таратпауға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Адам баласына әркезде түрлі сынақ келеді. Сынаққа сабыр ету керек. Шыдамдылық пен төзімділік танытып, Аллаға дұға ету мен жақсылық жасау арқылы осы сынақтан да аман-есен өтеміз", - деді Тағанұлы бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда бас мүфти адамдарды бір-біріне жақсы сөз айтуға үндеді. Өйткені, бүгінде кейбір адамдар білместіктен ақпараттың шынайылығына көз жеткізбей, жалған мәліметті таратып жібереді.

Мұндай әрекет халық арасында үрей туғызатынын атап өткен бас мүфти, жұртшылықты барынша сенімді дереккөзге сүйенуге шақырды.

"Өйткені, адамның ішкі сенімі мықты болса, денсаулығы кез келген дертті жеңіп шыға алады. Бір-бірімізге көмектесейік, жақсы сөз сөйлейік. "Жақсы сөз – жарым ырыс" дейді халқымыз. Алла бәрімізге ырыс берсін!", - деді Тағанұлы.

Оқи отырыңыз: Бас мүфти бата жасағысы келетіндерге кеңес берді

 

Тақырып бойынша

Смановтың жаназасына жүздеген адам жиналды – бас мүфти пікір білдірді
Бас мүфти Павлодарда көпбалалы анаға пәтер кілтін табыс етті
Бас мүфти: Ораза айтта сыйлық беріп, қуанышқа бөлеу – сауапты іс
Домалақ ана кесенесінің шырақшысы: Алматы әкімі әйелімен зиярат етіп, кейін ұлды болды
"Киесі ұрады": Әлмерек әулие кесенесінің маңындағы күл-қоқыс - фото
Кілт сөздер:
сөз, Бас мүфти
Загрузка...

Басты тақырып