17:39 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10724 0 0

Әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан материалдары негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленетіні туралы ақпарат тараған болатын

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Назарбаевтың қанынан вакцина жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан плазмасы негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша осы материалға сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу жөнінде шара қабылдау тапсырылды", - делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ, министрлік азаматтарды әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қандай өзгеріс болатынын айтты

Айта кетcек, 2 шілдеде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желіде тараған "ұшақпен белгісіз зат шашады"деген ақпаратты жоққа шығарды. Ол министрлік тарапынан ешқандай себу жұмысы жүргізілмегенін жеткізді.

1 шілдеде ауаға вирус себеді деген жалған ақпарат таратқан Түркістан облысының тұрғыны анықталған болатын. Әйел хабарламаның мессенджердегі басқа топтардан келгенін айтты. Ол ақпараттың жалған екенін білмегенін және бұдан кейін мұндай жалған мәлімет таратпайтынын жеткізді.

Тақырып бойынша

Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты 
"Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Кілт сөздер:
коронавирус, министрлік, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып