Қоғам

Комитет Түркиядағы қазақстандық туристердің елге қалай жеткізілетінін түсіндірді

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALДевушка в маске в салоне самолета
Девушка в маске в салоне самолета  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Түркия отандастарымыздың елге кіруіне шектеу қойды

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Түркия шипажайларында демалыста жүрген Қазақстан азаматтары тез арада елге жеткізіледі, деп мәлімдеді азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Карантин шаралары қатаңдатылғаннан кейін, ведомствоаралық комиссияның алдын-ала мақұлданған шешіміне сәйкес халықаралық рейстер орындалады.

Бүгінгі таңда халықаралық рейстер – Түркия мен Оңтүстік Корея бағытында жүзеге асырылады. Алайда, қазақстандықтардың Түркияға кіруі уақытша шектелді.

"Біз бүгіннен бастап Түркияда тұруға және жұмыс істеуге рұқсаты бар азаматтардан басқа, Қазақстан азаматтарының кіруіне шектеу қойылғандығы туралы ресми хабарлама алдық. Ал қалған азаматтарға кіру мүмкіндігі шектеулі", - деді Ластаев.

Қазақстан әуе компаниялары арқылы жүзеге асырылатын бұл рейстер Түркияға барған жолаушыларды елге жеткізеді.

"Әуекомпания тарапынан барлық міндеттемелер орындалатындықтан, осы күндері Түркияда жүрген жолаушылар түгел тасымалданады", - деп сендірді Ластаев.

Ол рейстердің Түркиядан бір бағытта және ең аз жүктемемен орындалуы авиакомпаниялар үшін ауыртпалық болатынын атап өтті.

"Билет сатып алған жолаушылардың шығындары талапқа сай толығымен қайтарылады немесе тоқтатылған рейстердің өтемақысы ретінде басқа да нұсқалар ұсынылатын болады", - деп толықтырды Ластаев.

Оқи отырыңыз: Карантиннің қиындығы: шекараның екі жағында қалып қойғандардың әңгімесі

Айта кетейік, қазіргі уақытта барлық рейстер бас санитар дәрігердің бұйрығына сәйкес қатаң түрде санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындалуда.

Жаңалықтар
0