08:03 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
458 0 0

Оның Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына сіңірген еңбегін ашық айтып, мол мұрасын жаңғыртуға талпыныс жасауы ерен ерлікпен тең болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақ тілінің абыз анасы атанған, ұлылардың көзі болған ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Рәбиға Сыздықтың қазасы – ұлтымыз үшін орны толмас қайғы, деп жазды парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Рәбиға Сәтіғалиқызы отандық ғылымның, соның ішінде қазақ тіл ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға екенін еске алған Әшімбаев оның ғұмыры ана тіліміздің тарихы, қалыптасуы мен дамуын терең зерделеуге арналғанын атап өтті.

"Соңында "Қазақ әдеби тілінің тарихы", "Сөздер сөйлейді", "Сөз құдіреті", "Абай шығармаларының тілі", "Абайдың сөз өрнегі" сияқты ұрпаққа өнеге болар өшпес мұра, іргелі еңбектер қалдырды", - деп жазды ол.

"Сонымен қатар, Рәбиға апай тіл білімін жан-жақты зерттеу арқылы ұлтымыздың тарихи, мәдени, танымдық кеңістігіне, ұлы тұлғалардың өнегелі ғұмырнамасына жаңаша үңілді. Ұлтымыздың біртуар ұлдарының есімдерін жаңғыртып, тарихи әділеттілік орнатуда қазақ қызына тән қайсарлығымен көзге түсті. Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына сіңірген еңбегін ашық айтып, оның мол мұрасын жаңғыртуға талпыныс жасауы ерен ерлікпен тең болатын", - деген сенат спикері Рәбиға апайымыз бәріміз үшін ғылымға адалдықтың және ұлтқа аянбай қызмет етудің озық үлгісі бола білгенін атап өткен.

Оқи отырыңыз: Тоқаев майдангер әкесі туралы: Соғыс жайлы айтқысы келмейтін

"Сондықтан апамыздың қазақ руханиятына қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды және жарқын бейнесі мәңгі жадымызда сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деп жазды Әшімбаев.

Айта кетейік, 4 шілде күні Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық 96 жасында дүниеден озғаны хабарланған болатын.

Тақырып бойынша

Әшімбаев: Дүтбаевты ұстауға ҰҚК өз бетімен шешім қабылдай алмаған
Әшімбаев: ауыл жастарына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер тартамыз
"Мемлекеттің ресурсы шектеулі": Әшімбаев халыққа бос отырмай, жұмыс істеуге кеңес берді
Әшімбаев президент Атамбаевтың сөзі туралы: сыртқы саяси күштердің ықпалы жоқ
Тоқаевтың сенімді өкілі болған Әшімбаев туралы қызықты деректер
Кілт сөздер:
тіл, ана тілі, Мәулен Әшімбаев
Загрузка...

Басты тақырып