11:41 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
662313

Елбасы ескерткішінің авторы кім? Монументтің биіктігі қанша? Мүсінді жасауға қанша уақыт кетті? Қорғаныс министрлігі қызықты деректерді бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі елордада Нұрсұлтан Назарбаевқа ашылған жаңа монументке қатысты қызықты деректерді айтты.

1. Ескерткіштің биіктігі

Ескерткіштің жалпы биіктігі тұғырымен қоса есептегенде 6,6 метрді құрайды. Мүсіннің өз биіктігі 3,6 метр, қоладан жасалған.

2. Монумент авторы кім?

Жоба авторы – мүсінші Ербол Зиябеков. Оралда Исатай мен Махамбетке орнатылған ескерткішті жасауға да қатысқан.

3. Назарбаев неге әскери форма киген?

Қарулы күштердің құрылуы мен дамуына қосқан орасан зор үлесін көрсету үшін.

4. Ескерткішті жасауға қанша уақыт кетті?

Композияцияның жұмысы бес жылдан астам уақытқа созылды. Оған дейін эскиздерін дайындау, тәжірибелі суретшілер мен өнер қайраткерлерінен құралған мемлекеттік комиссиямен келісу және бекіту жұмыстары жүргізілді.

5. Жаңа мүсін қайда орналасқан?

Ескерткіш Ұлттық қорғаныс университетінің алдында орнатылған. 2014 жылдан бастап әскери университет Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасының атымен аталады.

Бұл магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша әскери кадрларды дайындайтын Орталық Азиядағы жалғыз жоғары әскери оқу орны.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Назарбаевқа ескерткіш ашылды: Тоқаев сөз сөйледі

Жиырма жыл ішінде университет жедел-тактикалық және жедел-стратегиялық деңгейдегі 1500-ден астам әскери маманды даярлап шығарды, екі мыңнан аса адам біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Қарулы күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттілігі үшін 50-ден астам ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар дайындалды.

Загрузка...

Басты тақырып