10:34 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1389)
441 0 0

Қазақстан Қытай үкіметіне гуманитарлық жүк үшін алғыс айтты, қорғаныш құралдары медициналық мекемелер мен ұйымдарға таратылады

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Алматы әуежайына Қытай үкіметі жолдаған медициналық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

"Жүк құрамына COVID-19 індетін анықтауға арналған 50 мың тест-жүйе, 70 мың қорғаныс көзәйнегі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр, 30 мың қорғаныш костюмі мен 600 мың маска кірді", -делінген министрліктің ресми сайтында.

Қорғаныш құралдары медициналық мекемелер мен ұйымдарға таратылады.

Тағы оқыңыз: Ресей коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға мамандар жібереді

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қытай үкіметіне жаһандық пандемия жағдайында жөнелткен гуманитарлық жүк үшін ризашылығын білдірді.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 45719 адамға жетті. 15 404  науқас дертінен айығып шықты, 188 адам қайтыс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1389)

Тақырып бойынша

Қытай миллиардері Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді
"Достықтың айғағы": Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмек жеткізілді
Кілт сөздер:
гуманитарлық көмек, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып