Қоғам

"Бір апта ауырды": қазақстандық актер қайтыс болды

© Sputnik / Сергей КимЦветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы
Цветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актер пневмонияға шалдығып, дерт асқынған. Әріптестері кеше кешке ауруханаға жатқызылғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қазақстандық актер әрі Nomad Stunts тобының каскадері Мұрат Мұқашев қайтыс болды. 

© Photo : Жандербек Кунгужинов / FacebookМұрат Мұқашев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті
Бір апта ауырды: қазақстандық актер қайтыс болды - Sputnik Қазақстан
Мұрат Мұқашев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Суыт хабарды Nomad Stunts жетекшісі Жандарбек Күнғожинов пен актер Ерден Телемісов хабарлады. 

"Бір апта ауырды. Соңғы үш күнде дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындады. Пневмония. Кеше кешке ауруханаға жеткізілді. Бүгін 7.10-да қайтыс болды", - деп жазды Ерден Телемісов Facebook парақшасында.

Мұрат Мұқашев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол Nomad Stunts тобында каскадер болып қызмет кеткен. "Марко Поло", "МакМафия", "Всемогущий" сериалдарына түскен.

Жаңалықтар
0