Қоғам

Шымкенттік дәрігер президентке үндеу жолдады - денсаулық министрі жауап берді 

© Sputnik / Тимур БатыршинПалаты для лечения больных коронавирусом
Палаты для лечения больных коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің айтуынша, Қазақстанда емдеудің клиникалық хаттамалары әлем бойынша дәлелденген әдіс-тәсілдер негізінде жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 5  шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желіде тараған дәрігердің кеңесіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде ол видеоны белсенді таратып жатыр. Дәрігер жеке меншік клиникада істейді. Өзі терапевт-реабилитолог. Ол қазіргі емдеу шараларына болжам жасап, халықты емделуден бас тартуға үндейді. Бүгінде денсаулық сақтау саласының мамандары, дәрігерлер мұндай видеоларға қатысты өз пікірін айтып жатыр", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, Қазақстанда емдеудің клиникалық хаттамалары әлем бойынша дәлелденген әдіс-тәсілдер негізінде жасалады. Хаттамаларды отандық мамандар – тәжірибелі клиницистер мен ғалымдар әзірлейді. 

"Емдеудің жеке схемасы да бар. Науқастың созылмалы ауруларды болады. Аурудың асқынуы оған да байланысты. Инфекционистер мен дәрігерлер өз жұмысын жақсы біледі. Қандай препарат беру керектігін, дозасын, тәуекелдің бар-жоғын, аурудың асқыну жағын – бәрін біледі. Негізі, қазіргі препараттардың арқасында талай науқас жазылып шыққан. Дәрігер емдеудің нақты схемасын жазып берсе, адам сәтті жазылып шығады", - деп атап көрсетті Цой.

Оның сөзіне қарағанда, денсаулық саласының мамандары шымкенттік дәрігерге хабарласып көрді. Бірақ таба алмады. 

"Біз бәрін талқылайын деп едік, ғылыми ортада қарастыруды ойладық. Өкінішке қарай, хабарласты, үйіне де барған. Бірақ ол маманды таба алмады. Біз бәрін талқылауға әзірміз. Қандай да бір тәртіп бұзушылықтар болса, комиссиямен жиналып, қарастыруға дайынбыз", - дейді Цой. 

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шымкенттік дәрігердің видеосы кеңінен тараған болатын. Айна Бақеева қазіргі емдеу хаттамасын сынға алып, науқастарға көмек берудің өзіндік техникасын ұсынады. Дәрігер президентке де үндеу жолдаған.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та шымкенттік дәрігердің видеосы "елдің арасында біраз талқыланғанын" ашық айтты. 

"Сондықтан мен бұл дәрігерге байланысты арнайы тапсырма бердім. Медицина саласының мамандары ол адаммен бірге жұмыс істеуге дайын. Егер нақты ұсыныс болса, онда бірге жасау қажет. Мұндай ұсынысты мамандармен бірге талқылауға ешқандай қарсылық жоқ", - деді Тоғжанов.

Жаңалықтар
0