Қоғам

Назарбаев туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады – видео

© Sputnik / Владислав ВодневНурсултан Назарбаев на совещании спикеров парламентов стран Евразии, архивное фото
Нурсултан Назарбаев на совещании спикеров парламентов стран Евразии, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті сырқаттанып, қиналып жатқан жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан емделуге тілектес болған қазақстандықтарға басын иіп тұрып алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Қадірменді халайық, барлығымыз қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Бүкіл дүниемен бірге көріп жатқан нәрсе бұл. Ол қиыншылықты өз басымнан өткіздім. Осы кезде жанашырлық білдірген барлық жерлесіме, отандастарыма шын көңілмен тағы да зор ризашылығымды айтқым келеді", - деді Назарбаев.

"Мен таңғалған жоқпын": Горбачев Назарбаев туралы сұқбат берді

Елбасы тілектердің әр саладан және әр өнеркәсіптен жеке-жеке келгенін де еске алды. Осы тілектердің арқасында күш-қуат алып, емделіп шыққанын жеткізді.

"Қазір де сырқаттанып жатқан жандар бар, қиналып жатқан жандар бар. Солардың барлығы аман-есен шығады деп сенемін. Себебі оған сену керек, көнбеу керек, жеңу керек. Біз одан күштіміз деп санасаңыз, сонда барлығын жеңеміз. Біз көп нәрсені жеңіп келе жатқан батыр бабаның ұрпағымыз, құдай бұйыртса, бұдан да өтеміз", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Тұңғыш президент бүгінгі туған күніне құттықтау жіберіп жатқан азаматтарға да зор ризашылығын білдірді.

"Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бұл нәубеттен де өтеміз. Ертеңгі күні жүзіміз жарқын болып, талай кездесетін болармыз. Көп рақмет!", - дейді Назарбаев.

Жаңалықтар
0