Қоғам

Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото

© Photo : Сайт первого президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев поздравил Елбасы Нурсултана Назарбаева с юбилеем
Касым-Жомарт Токаев поздравил Елбасы Нурсултана Назарбаева с юбилеем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен, тарихи қайраткерлерімен мақтануы керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасыны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.   

Сайтта жарияланған фотодан мемлекет басшысының мерейтой иесіне бір шоқ раушан гүлін тапсырғанын көруге болады. Қазақстанның тұңғыш президенті де, президент де қазіргі карантин талаптарын сақтап, бетперде киіп алған.

Оқи отырыңыз: Назарбаев туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады – видео  

"Бүгін тарихи күн – Елбасымыздың 80 жылдығы. Ол – қазақ халқының ұлы қайраткері, ұлы перзенті. Бүкіл әлем солай деп санайды. Елбасы шын мәнісінде ұлы адам, біз бұл туралы айтуымыз керек. Әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал және әрбір халық өзінің тарихи қайраткерлерімен мақтануы керек", - деді Тоқаев.

© Photo : Сайт первого президента КазахстанаТоқаевпен бірге Елбасыны Кәрім Мәсімов пен Ахметжан Есімов те құттықтап барды
Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото - Sputnik Қазақстан
Тоқаевпен бірге Елбасыны Кәрім Мәсімов пен Ахметжан Есімов те құттықтап барды

Қазақстан президенті Елбасының халықаралық дәрежедегі беделін де ерекше атап өтті.

"Нұрсұлтан Назарбаев заманауи мемлекет құрды, әлем картасында Қазақстанның шекарасын шегендеді. Бұл туралы біздің Елбасымызға қоңырау шалып, құттықтап жатқан әлемнің барлық көрнекті саясаткері айтып жатыр. 80 жас – әр адамның өміріндегі маңызды меже. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Елбасының алдағы уақытта да біздің халқымызға, мемлекетімізге үлкен пайда әкелетініне сенімдімін", - деп атап өтті Тоқаев.

Президентпен бірге Елбасыны ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов те құттықтап барды.

Жаңалықтар
0