01:45 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1386)
4928 0 0

Бұған дейін бірқатар саясаткер коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  та бар

АЛМАТЫ, 7 шілде –Sputnik. Премьер-министрдің баспасөз қызметі Асқар Маминге коронавирус диагнозы қойылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминге коронавирус диагнозы қойылғаны туралы кейбір Telegram-арналарда таралған ақпарат жалған әрі шындыққа сәйкес келмейді", - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет басшысы қазір кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр. 

"2020 жылдың 10 шілдесінде мемлекет басшысының қатысуымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізіп жатыр",- деп нақтылады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар саясаткер коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  та бар. 

Одан бөлек індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, депутат Бекболат Тілеухан, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы облысы әкімі Амандық Баталов, Түркістан әкімі Рашид Аюпов бар.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)

Тақырып бойынша

Берік Ысмайылов өмірден озды
Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат берді
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 50 мыңға жуықтады
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?
Қазақстанда коронавирустан бір аптада 76 адам көз жұмды
Кілт сөздер:
түсініктеме, үкімет, коронавирус, премьер-министр
Загрузка...

Басты тақырып