01:17 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1386)
1058 0 0

Мамандар өлімнің нақты себебін анықтауға үлгермей жатыр. Осыған байланысты коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдардың статистикасын апта сайын жариялау туралы шешім қабылданған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Коронавирустан өткен аптада қайтыс болған 76 адамнан бөлек тағы 110 науқастың өлімі зерделеніп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болған науқастардың нақты есебін апта сайын жариялау туралы шешім қабылдаған болатын. Себебі арнайы комиссия әрбір жағдайдың себебін жан-жақты зерделейді. Соңғы мәліметке сәйкес, 30 маусым мен 6 шілде аралығында республика бойынша 76 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Барлығы індет басталғалы COVID-19 жұқтырған 264 қазақстандық қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бүгінде тағы 110 адамның өлімі жан-жақты зерделеніп жатыр. 

"Қазіргі ақпаратқа сәйкес, соңғы аптаның ішінде 76 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұдан бөлек, тағы 110 жағдайды зерделеп жатырмыз. Пациенттер сан алуан патологиядан қайтыс болды. Соның бәрін комиссия жан-жақты зерттеп жатыр", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, бұрын бір-екі өлім болғанда комиссия мамандары әрбір қазаны зерттеуге үлгерген. Бүгінде ондай жағдайлар күрт өсті. Ал мамандар өлімнің нақты себебін анықтауға үлгермей жатыр. Осыған байланысты коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдардың статистикасын апта сайын жариялау туралы шешім қабылданды.

Министрлік мәліметіне сәйкес, соңғы тәулікте 450 науқас стационарға түсті. Реанимацияда ауыр және өте ауыр жағдайда 260 науқас бар. Оның ішінде 12 жүкті әйел, босанғаннан кейінгі әйел мен 1 бала бар. Осы науқастардың 72%-ы - жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Жағдайы ауыр науқастардың негізгі үлесі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі. Ақпарат бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың жартысы Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы мен Алматыды тіркелген.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)
Загрузка...

Басты тақырып