Қоғам

Қазақстандық дәрігерлерге сақтық жетіспейді – Ресей денсаулық сақтау вице-министрі

© REUTERS / ELOISA LOPEZМедик в защитном костюме в палате больницы с коронавирусом
Медик в защитном костюме в палате больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіпті вирусты жеңу үшін ел билігі мен медицина қызметкерлері бірлесе әрекет етіп, халық арасында әлеуметтік қашықтық сақталуы керек   

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қазақстандық дәрігерлерге коронавирусқа қатысты сақтық жетіспейді. Ресей денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев Нұр-Сұлтанның бірнеше медициналық мекемесін аралағаннан кейін осындай тұжырымға келді.

© Sputnik / Владислав ВодневРесей денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев
Қазақстандық дәрігерлерге сақтық жетіспейді – Ресей денсаулық сақтау вице-министрі - Sputnik Қазақстан
Ресей денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев

Ресей денсаулық сақтау вице-министрі түске дейін бірінші қалалық аурухананың екі филиалында, тоғызыншы емхана мен елорданың жедел жәрдем станциясында болды.  

Оқи отырыңыз: Министр коронавирустан емделетіндердің басты қателігін атады

"Мен көргеннің бәрі дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Дәрігерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, ұйымдастыру логистикасы да дұрыс жолға қойылған. Жұмыстан анау айтқандай қателік көрмедім, алайда медицина қызметкерлері онша сақтық танытпайтынын байқадым. Дәрігерлердің ауырғаны қиын. Дәрігерлерді қорғаныс костюмдері ғана емес, ең алдымен олардың сақтық шаралары қорғауы тиіс. Вирус көрінбейді, бірақ ол бар", - деді Олег Гриднев Sputnik Қазақстан тілшісіне.  

Сондай-ақ ресейлік шенеунік Қазақстанда 5 шілдеден бастап карантин енгізу дұрыс шешім болғанын айтты. Гридневтің пікірінше, бұл шектеулер медициналық мекемелерге түсетін науқастардың санын азайтады.

"Адамдардың дүрлігіп жатқаны өте өкінішті. Бұл карантин шаралары жағдайды жақсартуға көмектеседі. Себебі вирустың таралуын әлеуметтік қашықтық пен шектеулерсіз тоқтату өте қиын. Медициналық мекемелерге түсетін пациенттердің санын барынша азайтуға тырысу керек. Қазір Қазақстанда енгізілген шектеулер өте орынды", - деп жалғастырды вице-министр.

Олег Гриднев келген дәрігерлердің бәрі Мәскеу облысының ауруханаларында, федералды орталықтар мен Роспотребнадзорда жұмыс істейтінін мәлімдеді.

"Дәрігерлер Қазақстанның басқа өңірлерінде жұмыс істеуі мүмкін, олар денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы жүктейтін міндеттерді орындайды", - деп толықтырды Олег Гриднев.

Айта кетейік, 6 шілдеде Ресейден арнайы рейспен 32 адамнан тұратын дәрігерлер делегациясы келді. Олардың арасында реабилитологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, пульмонологтар мен эпидемиологтар бар.

Жаңалықтар
0