01:15 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1386)
231 0 0

Жеке тұлғалар үшін 70, ал ірі кәсіпкерлік нысандар үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмекті заңсыз саудалауға қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, карантин кезінде медициналық препараттарға сұраныс күрт өскен. Содан табыс көргісі келетіндер де аз емес. Олар дәрілерді қымбат бағаға сатады. Сол үшін заңсыз кәсіпкерлікпен де айналысады. Алыпсатарлардың ішінде дәріхана қызметкерлері де, қарапайым азаматтар да бар.   

"Қазіргі таңда 17 оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабы – "заңсыз кәсіпкерлік қызмет" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 30 факт негізінде тәртіп бұзушылар әкімшілік жазаға тартылып отыр", - деді Калайчиди бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатқандар үшін жауапкершілік қарастырылған. 426-бапта жазасы жазылған.   

"Осы бапқа сәйкес, жеке тұлғалар үшін 70 айлық есептік көрсеткіш, ал ірі кәсіпкерлік нысандар үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Дәрі-дәрмекті тәркілеу шарасы бар. Лицензиясын да кері қайтаруы мүмкін", - деп атап өтті Калайчиди.

Оқи отырыңыз: Үш айға жететін дәрі-дәрмекті бір аптада сатып алды – облыс әкімі 

Айта кетейік, заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін 2 000 АЕК-ке дейінгі айыппұл, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, тәркіленген дәрі-дәрмектің бәрі медициналық ұйымдарға таратылады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Алматыда парацетамол мен термометр тапшылығы мәселесі қалай шешілді?
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Денсаулық министрі парацетамол тапшылығына кімдер кінәлі екенін айтты 
Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандар жазаланады 
Шымкентте тегін таратылуы тиіс дәрілерді ұрлаған сатушы ұсталды
Денсаулық министрі алыпсатарлар қанша табыс тауып жатқанын айтты
Кілт сөздер:
карантин, дәрі-дәрмек
Загрузка...

Басты тақырып