17:27 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1345)
1765 0 0

Бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған талаптар бұзылса ғана жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады, деп түсіндірді вице-министр Калайчиди

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди карантин кезінде отшашу ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Оның айтуынша, бас санитар дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

"Ол жаза Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көрсетілген. Демек, қаулыда жазылған талаптар бұзылса ғана жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады. Ал осы құжатта отшашуға тыйым салу жайында жазылмаған", - деді Калайчиди бүгінгі онлайн брифингте.

Ол Нұр-Сұлтан қаласында кешегі фейерверкті тамашалаған адамдар да жауапқа тартылмағанын атап өтті.

"Отшашуды тамашалағаны үшін бірде-бір адам жауапқа тартылған жоқ. Фейерверкті көргені үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптар бұзылса ғана жаза қолданылады. Егер ондай жағдайлар анықталса, онда заңды түрде адамды жауапқа тарту мәселесін көтеруге болады. Ал ондай себеп болмаса, жазаға тарта алмаймыз", - деп түсіндірді Калайчиди.

Айта кетейік, бұған дейін 6 шілде күні елорда күнін тойлау отшашумен аяқталған болатын. Отшашу орталық саябақ, ботаника бағы және Пушкин мен Абылайхан көшелерінің қиылысынан атылды. Әлеуметтік желі қолданушылары пандемия кезінде отшашу жасау орынсыз екенін айтып, наразылық білдірді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуды түсіндірді 

Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуға қатысты сынға жауап берді. Мәдениет басқармасы отшашу арқылы коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдағысы келгенін хабарлады. Сондай-ақ, қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге тырысқан.

Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған отшашу COVID-19 инфекциясына байланысты ұйымдастырылған жоқ. Ал Ұлыбританияның патшайымы екінші Елизавета 2020 жылдың сәуірінде 94 жасқа толды. Ол коронавирусқа байланысты дәстүрлі отшашуды ұйымдастыруды орынсыз деп тапты.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1345)

Тақырып бойынша

Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
"Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Кілт сөздер:
отшашу, карантин
Загрузка...

Басты тақырып