Қоғам

Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуПарацетамол
Парацетамол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

"Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын", - деп толықтырды мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарға қандай жаза қарастырылған?

Өткен жексенбіде президент азаматтар аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымданып жатқанын хабарлаған болатын. "Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды", - деп атап өтті ол. Мемлекет басшысы үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеуді тапсырып, кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді.  

Жаңалықтар
0