03:52 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1119 0 0

Танымал қазақстандық актер Дархан Дайырбек қайтыс болды. Суыт хабарды әлеуметтік желіде актердің әріптестері хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Дархан Дайырбек шілденің 7-нен 8-не қараған түні өмірден озды. Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі парақшасында актердің жақындарына көңіл айтты.

"Бүгін түнде керемет актер қайтыс болды. Біздің студиямыз Дархан Дайырбектің жақындарына қайғырып көңіл айтады. Дархан өте көңілді әрі мейірімді еді. Сомдаған рөлдеріңіз бен жұмысқа, адамдарға деген қарым-қатынасыңыз үшін Сізге рахмет. Иманды болыңыз", - деп жазды Адамбай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

Бұған дейін актермен бірге ауруханада жатқан журналист Жарылқап Қалыбай өзінің Facebook парақшасында жазба жариялаған болатын. Ол Дархан Дайырбектің 6 күннен бері жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан еді.
Театр және кино актері Дархан Дайырбек 1994 жылы Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. "Ограбление по-казахски", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабина-2", "Әкім", "Құдалар", "Жених на пять дней" және "Досье тамады" фильмдері арқылы көрерменге танылды.

Тақырып бойынша

"Бір апта ауырды": қазақстандық актер қайтыс болды
Берік Ысмайылов өмірден озды
Белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды
Қазақстанда туған танымал актер өмірден озды
Алматыда белгілі журналист қайтыс болды
Кілт сөздер:
актер
Загрузка...

Басты тақырып