17:17 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1653310

2 шілде күні түнде ақынның мазасы қашып, жедел жәрдем шақырған. 3 шілдеде түнде Алматыда ауруханаға жатқызылды

АЛМАТЫ, 8 шілде– Sputnik. 78 жастағы Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов екі өкпесі қабынып, ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты "Жалын" журналындағы ақынның орынбасары Құдияр Біләл растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2 шілдеде Мұхтар Шахановтың туған күні болды. Соны редакцияда кішігірім атап өттік. Оның алдында шамалы мазасы болмай жүрді, бірақ қатты ауырған жоқ. Жөтел секілді аурудың белгілері болмады. Өзі үнемі қозғалыста жүретін адам болған соң кейінгі кездері көп демалғысы келе берді", - деді Шахановтың орынбасары.

Оқи отырыңыз: Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды 

Айтуынша, 2 шілде күні түнде ақынның мазасы қашып, жедел жәрдем шақырған. 3 шілдеде түнде Алматыда ауруханаға жатқызылды.

"Өкпенің қабынуына қарсы ем алып жатыр. Қазір көңіл күйі жаман емес. Алайда ауруханадан шыққысы келіп отыр. Дәрігерлер тағы бірнеше күн бақылауда болып, емделуі қажет екенін айтып, рұқсат бермеді. Тағы 1-2 күн ауруханада болады. Коронавирус емес екені анықталды", - деді Біләл.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Шаханов 2004 жылдан бері "Жалын" журналында бас редактор қызметін атқарып келеді.

Тақырып бойынша

"Аз қазақты көбейте алмай жүргенде...": бірнеше танымал тұлға ауырып қалды
Танымал кәсіпкер коронавирусқа сенбейтіндерге жылап тұрып үндеу жолдады
Динара Сәтжан желіде суыт хабар жеткізді
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Кілт сөздер:
туған күн, аурухана, Мұхтар Шаханов
Загрузка...

Басты тақырып