16:37 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
22693 0 0

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры басшысының әйелі төрт жыл бұрын жариялаған жазба әлеуметтік желіде резонанс туғызды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың отбасы тек бір автокөлік мінеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға медициналық сақтандыру қорының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Ермек Болтаев мәлімдеді.

Жұмағұловтың жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты желіде тарап кетті. Әйел күйеуінің оған "он екінші көлік сыйлағанын" жазған.

Жазба індет өршіп тұрған кезде қажетті медициналық көмек ала алмай, ауруханаға жату үшін ПТР тестке 15,5 мың теңге төлеуге мәжбүр болып жүрген қазақстандықтардың ашуын туғызды.

"Біз мұның төрт жыл бұрын жарияланғанын анықтадық. Жұмағұловтың отбасында 12 автокөлік жоқ. Toyota маркалы бір ғана темір тұлпары бар. 12 көлікті олар 25 жыл ішінде біреуін сатып, басқасын алып ауыстырған. Ең алғашқы көлігі төртінші үлгідегі "жигули" болған, оны тоқсаныншы жылдары сатып алған", - деді Ермек Болтаев.

Ол скриншоттар әлеуметтік желіде пандемия ушығып тұрған кезде әдейі таратылып жатқанын атап өтті. ІТ мамандар осындай пайымға келген.

Болтаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметкер ретінде Жұмағұлов тексерістен өтеді және өз мүлкін декларациялауға міндетті.

"Әрбір мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік органның жұмысшысы заң бойынша декларация тапсырады. Осы процедураға сәйкес, Айбатыр Жұмағұлов бар мүлкін декларациялады", - деді ол.

Сондай-ақ, әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры аудиттен өтуге және өз қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпаратты ұсынуға дайын.

"Біз, бұдан бөлек, БАҚ-қа да қорға түсетін түсімдер мен шығыстар туралы есеп ұсынып отырамыз", - деп түйіндеді Болтаев.

Айбатыр Жұмағұловтың өзі не дейді

Қор басшысы блогерлердің 12 машина туралы сұрағына жауап берді. Ол пандемия той тойлап, сыйлық беретін уақыт емес екенін және он екі автокөлік туралы ақпарат өтірік екенін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: "Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті

"Біріншіден, автордың айтуынша, автокөліктерге қатысты жағдай бүгін болыпты-мыс. Бірақ, менің жұбайым 43 жаста, ал ол жерде он жыл бұрынғы жағдай суреттелген. Біз көліктерді мүмкіндігімізге қарай сатып алдық, бізде "Жигули", Mazda болды. Бұл ақпаратты неге дәл бүгін таратып жатқанын түсінбедім. Біздің отбасымызда он екі емес, тек бір көлік бар. Мұны диверсия деп атауға болады, осындай қиын шақта жалған ақпарат таратып жатыр. Жазбаны мұрағаттан әдейі алып шыққан. Қор жұмысы үнемі ашық, ешбір мәліметті жасырмаймыз", - деді әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұлов.

Ол жазба авторымен кездескенін, оған тікелей эфирге шығып, жағдайды талқылауды ұсынғанын айтты.

"Мен декларациямды, табысымды, барлық мәліметті көрсеттім. Алайда қате ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті", -деді Жұмағұлов.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

МӘМҚ жүйесі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Бірінші сәуірде жарна төлеу бойынша жеңілдікті кезең ұзартылды. Сол аралықта әрбір азамат өз мәртебесін анықтап, жарна төлеп, қор қатысушысы болуға міндеттелді.

Тағы оқыңыз: Медициналық сақтандыру қорының басшылығы қанша жалақы алады?

Айта кетсек, қазіргі таңда шағын және орта бизнес 2020 жылдың бірінші қазанына дейін қорға жарна төлеуден босатылды. Алайда жұмыс беруші мемлекеттік кірістер комитетіне қызметкерлер тізімін ұсынуға міндетті.

Кілт сөздер:
әлеуметтік желілер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Загрузка...

Басты тақырып