17:52 03 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.00
  • EUR491.36
  • RUB5.69
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
338 0 0

Қазіргі негізгі - мақсат ауру белгілері бар науқастарды анықтап, дер кезінде медициналық көмек көрсету, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырғандардың саны тестпен расталғандардан көп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі науқастардың саны – бұл тестпен расталған пациенттер. Иә, бүгінде науқастардың нақты саны тестпен расталғандардан көп. Себебі барлығы бірдей тест тапсырған жоқ", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Алайда министрлік халықтың бәрін тестілеуден өткізуді көздеп отырған жоқ. Негізгі мақсат – ауру белгілері бар науқастарды анықтап, дер кезінде медициналық көмек беру. Ал симптомсыз науқастар өздігімен жазылып кетеді.

"Денсаулық сақтау жүйесі үшін барлығын 100 процент тесттен өткізу міндеті қойылып отырған жоқ. Біз алғашқы белгілері бар науқастарды бірден анықтап, уақытында көмек көрсетуіміз керек. Әйтпесе, ауру асқынып кетеді. Басты міндет осы. Ал симптомсыз науқастардың көбісі екі аптаның ішінде өздігімен жазылып кетеді. Иә, олар вирусты жұқтыруы мүмкін. Алайда шұғыл медициналық көмекті қажет етпейді. Ондай науқастарды тестілеуден өткізгеннен гөрі көмекті қажет ететін науқастарға күш салған дұрыс", - деп атап көрсетті Цой.

Соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда 53 021 адам коронавирус жұқтырған. 

Тақырып бойынша

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Алматыда дәріхана басшысы тексеруге келген депутатты сыртқа қуып шықты
"Отбасымызды қорғайық": Қазақстанда тағы бір әкім коронавирус жұқтырды
Денсаулық сақтау министрі карантинді ұзартуға қатысты пікір білдірді   
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып