04:04 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
268 0 0

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 инфекциясынан жақындары қайтыс болған қазақстандықтарға көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын", - делінген құжатта.

Республикалық арналардан көрсетілген үндеуінде президент қазақстандықтарды бірлікке шақырды.

"Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді

Мемлекет басшысы отандастарды дәрі-дәрмекті жаппай сатып алмауға, коронавирус пандемиясы кезінде төзімділік танытуға үндеді. Сондай-ақ, президент денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы жүйелі қателіктер жібергенін, ал өңір әкімдері баяу жұмыс істегенін мәлімдеді.

Аза тұту күні қай кезде жарияланады

Қазақстанда ұлттық аза тұту күні қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандарды еске алу үшін жарияланады.

Ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты талабы жоқ. Шешім нақты жағдайға байланысты қабылданады. Әдетте, кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен басқа да қайғылы оқиғалар, аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда жарияланады.

Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.

Кілт сөздер:
жарлық, аза тұту, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып