Қоғам

COVID-19: Ресейлік мамандар бүкіл Қазақстандағы дәрігерлерге кеңес беріп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневЗаместитель министра здравоохранения России Олег Гриднев
Заместитель министра здравоохранения России Олег Гриднев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрші елдің дәрігерлері қазақстандық әріптестеріне КОВИД-19 індетін емдеу тәсіліне қатысты барлық ақпаратты ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер төрт топқа бөлініп, өздері бекітілген ауруханаларда жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гриднев айтты.

"Екі күнде көп жұмыс атқарылды. Бірінші күні біз жағдаймен және ауруханалармен таныстық, бүгін әріптестеріміз төрт топқа бөлініп, өздері бекітілген ауруханаларда толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Біздің ауруханаларға барып, жағдайы қиын науқастар бойынша кеңес беретін арнайы дәрігеріміз бар", - деді Гриднев.

Оқи отырыңыз: Ресей Қазақстанға коронавируспен күресу үшін 2 миллион доллар бөлді 

Ол Одинцово облыстық ауруханасы анестезиология және реанимация орталығының басшысы Денис Цветковты мысал ретінде келтірді.

"Цветков – реаниматолог, ол бүкіл елдегі ауыр науқастарға бейнеконференция арқылы кеңес береді", - деп түсіндірді Олег Гриднев.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігімен тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің басшылығы Ресей Федерациясындағы КОВИД-19 індетін емдеу тәсіліне үлкен қызығушылық танытып отыр – біз барлық ақпаратты ұсындық. Бауырлас қазақ халқына барынша көмектесуіміз керек", - деді Гриднев.

Ол сонымен қатар ресейлік дәрігерлер өңірлерге әзірге бармайтынын атап өтті.

"Өңірлерге келетін болсақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың әу баста бригаданы аймақтарға жібергісі келді. Бірақ қазір ол біздің дәрігерлеріміз осында (Нұр-Сұлтанда) көмектескенін қалап отыр", - дейді Ресей денсаулық сақтау вице-министрі.

Сонымен бірге, Гриднев қазақстандық дәрігерлердің біліктілік деңгейінің жоғары екендігін атап өтті – "дәрігерлер жақсы, бірақ жетпей жатыр" деп атап өтті ол. Дегенмен ұйымдастыруға қатысты мәселелер де бар екенін жасырмады.

Бұған дейін Қазақстанға Ресейден 32 маман келгені хабарланған болатын, олардың арасында реабилитологтар, жұқпалы аурулар мамандары, пульмонологтар, эпидемиологтар бар.  

Жаңалықтар
0