17:21 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1345)
2132010

Майлы тағам мен таза май холестеринді арттырып, қанды қоюлатады. Бұл, әсіресе, коронавирус инфекциясы кезінде қауіпті болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар ем алу кезінде қойдың құйрық майы мен иттің майын қолдануды ұсынып жатыр. Мұндай тәсілдің қаншалықты тиімсіз әрі қауіпті екенін Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев түсіндірді.

"Майды ас ретінде қолдануға болады. Бірақ ол еш нәрсені емдемейді. Ал коронавирус кезінде тіпті зиян келтіруі мүмкін. Себебі ол холестеринді көтеріп, қанның басқа компоненттерін арттырады. Майлы тағамдар қанның қоюлануына әсер етеді", - деді Гриднев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында..

Сонымен қатар ол коронавирус инфекциясы бар науқастарға қанды сұйылтуға арналған дәрілер (антикоагулянттар) тағайындалатынын еске салды.

Бұған дейін Ресейдегі Киров атындағы әскери-медициналық академияның мамандары коронавирус кезінде асқазан-ішек жолдары ауруы кезіндегідей диета ұстауды ұсынды.

Коронавирус жұқтырған науқастарға сүт, бидай өнімдерін, ащы тағамдар мен тәттілер, майлы, тұздалған, сүрленген тағам, ұн өнімдері мен консервілерді пайдалануды азайту керек.

Науқастарға ботқа, сүзбе, көкөніс, майы аз тауық еті, балық секілді жеңіл тағамдар жеу керек.

Айта кетейік, қазақстандықтар бұған дейін вирустан сауығу үшін зімбір мен соданы қолдануды ұсынған болатын.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1345)

Тақырып бойынша

Денсаулық министрі дәрілік шөптерді ішуге кеңес берді
"Төсекке лақтырды": Көкшетау тұрғыны науқастың қалай қайтыс болғанын айтты
"Коронавирустан құтқарады": иммундық плазма қай кезде құйылады
Коронавируспен ауырғанда қандай халық емін қолдануға болмайды?
COVID-19: Ресейлік мамандар бүкіл Қазақстандағы дәрігерлерге кеңес беріп жатыр
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, коронавирус, дәрігер, зиянды тағамдар
Загрузка...

Басты тақырып