Қоғам

Қазақстанда тағы бірнеше пойыз тоқтады

© Photo : пресс-служба АО "НК "КТЖ"Жолаушылар пойызының архивтегі сурет
Жолаушылар пойызының архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустың таралуына жол бермес үшін республиканың батыс өңіріне қатынайтын пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанда бірнеше жолаушылар пойызы уақытша жүрмейді. Тиісті шешімді мемлекеттік комиссия мен республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігері індеттің таралуын болдырмау мақсатында қабылдады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Қандай пойыздар уақытша тоқтатылады

9 шілдеден:

Алматыдан 9 шілдеден, ал Атыраудан 11 шілдеден қатынайтын № 29/30 Алматы-2 – Атырау пойызы.

10 шілдеден:

Маңғыстаудан 10 шілдеден, Нұр-Сұлтанға (Нұрлы жол) 12 шілдеден келетін/аттанатын және Маңғыстауға 14 шілдеде қайта оралатын № 37/38 Маңғыстау – Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол);

Маңғыстаудан 10 шілдеден қатынайтын, Ақтөбеге 11 шілдеден келетін/жөнелетін және Маңғыстауға 13 шілдеде баратын № 309/310 Маңғыстау – Ақтөбе;

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қалааралық автобустар қайта тоқтайды

Маңғыстаудан 10 шілдеден аттанатын, Бейнеуге 11 шілдеде баратын/аттанатын, Маңғыстауға 12 шілдеде келетін № 657/658 Маңғыстау – Бейнеу пойызы.

11 шілдеден:

Алматы-2-ден 11 шілдеден жөнелетін, Маңғыстауға 14 шілдеде келетін/аттанатын, Алматы-2 стансасына 17 шілдеде баратын № 77/78 Алматы-2 – Маңғыстау пойызы.

13 шілдеден:

13 шілдеден Маңғыстаудан аттанатын, Алматы-2 стансасынан 16 шілдеден баратын/аттанатын және 19 шілдеден Маңғыстауға баратын № 77/78 Маңғыстау – Алматы-2 пойызы.

"Бұған дейін осы пойыздарға билет сатып алған жолаушылар оны қайтарып, ақшаны толық көлемде ала алады", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан.

Төлемді қайтару қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі арқылы білуге болады.

Қазақстанда тағы қандай пойыздар тоқтады

5 шілдеден карантиннің күшеюіне байланысты №321/322 Алматы – Сарыағаш пойызы уақытша жүрмейді.

1 шілдеден билетке сұраныс төмен болғандықтан №19/20 Нұр-Сұлтан - Атырау, №95/96 Нұр-Сұлтан – Орал және №701/702 Нұр-Сұлтан – Алматы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

Жаңалықтар
0