02:26 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (595)
2491 0 0

Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары арасында "СК-Фармация" ұйымы басқа елдерден келген гуманитарлық көмекті сатады деген ақпарат желдей есті. Оған аталған компания ресми түрде жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Катардан гуманитарлық көмек ретінде келген тауарлар елдегі дәріханаларда сатылып жатыр деген ақпарат әлеуметтік желілерде кең таралды.

Желі қолданушыларының бірі: "Қазақстанда дәрі-дәрмек таратудың жалғыз дистрибьюторы болып отырған "СК-Фармация" гуманитарлық көмекті дәріханаларға денсаулық сақтау басқармалары арқылы тегін таратудың орнына, сатып жатыр ма?", - деп сауал тастайды.

Гуманитарлық көмекке қатысты компания жауабы

Мемлекеттік комиссия төтенше жағдай режимі кезінде "СК-Фармация" ЖШС-ны гуманитарлық көмекті таратудың бірыңғай операторы ретінде белгіледі, дейді компанияның баспасөз қызметі.

Яғни, дистрибьютор компания келіп түскен барлық гуманитарлық көмекті денсаулық сақтау министрлігімен келісіп, тауарларды аймақтар арасында бөледі және компания есебінен жеткізіп береді деген сөз.

"Біз АҚШ-тан, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Жапониядан, Түркиядан, Үндістаннан, Біріккен Араб Әмірліктерінен және Пәкістаннан, ірі қазақстандық (Abdi Ibrahim, Қазатомөнеркәсіп, Bayer Қазақстан, "Текнолоджиз Қазақстан" ЖШС, "A.N.P.", ЖШС, "ABMG Expert" ЖШС)  және әлемдік компаниялардан (Alibaba Foundation, Sandoz, АстраЗенека (Уси) Трейдинг Ко., Лтд., UNISO, Miniso, China Construction Bank, Abdi Ibrahim Turkey) келіп жеткен гуманитарлық көмекті таратып үлгердік", - делінген хабарламада.

Алайда, 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін "СК-Фармация" гуманитарлық көмекті тарату құқынан айырылған.

Катардан жеткен жүк: тарату мәселесі қалай шешілді

Жүк Катардан 21 мамырда жеткізілді. Бірақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды бір реттік импорттауға рұқсат алу үшін қажетті құжаттар ұсынылмаған. "СК-Фармация" ЖШС барлық қажетті құжатты беру мәселесін пысықтау үшін Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сұрау жіберген.

Ал медициналық мақсаттағы бұйымдарды бір реттік импорттауға рұқсат тек 25 маусымда алынды, дейді компаниядағылар.

"СК-Фармация" денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 4 шілдеден бастап гуманитарлық көмекті үлестіру құқына қайта ие болды.

"Барлық қажетті құжатты алғаннан кейін бірден медициналық құрылғылар аймақтарға біркелкі бөлінді. Қазіргі уақытта олар бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында жатыр, денсаулық сақтау басқармаларына жіберілуге дайын", - делінген хабарламада. 

Гуманитарлық көмек сатылуы мүмкін бе?

Сақтау қоймалары бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Тауарларды қабылдау кезінде медициналық ұйымдар қатаң талаптарды сақтап, шот-фактураларды тексереді. Ал жауапты тұлғалар қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды. Осының бәріне "СК-Фармация" жауап береді.

Гуманитарлық көмек аясында Қазақстанға Катардан медициналық мақсаттағы бұйымдар келді. Атап айтқанда, оның ішінде медициналық маскалар, қорғаныс костюмдері, көзілдіріктер бар.

Оқи отырыңыз: Қазақстан коронавирусқа байланысты басқа елдерден гуманитарлық көмек сұрады

11 мамырдан 4 шілдеге дейінгі аралықта "СК-Фармация" гуманитарлық көмекті үлестіру құқығына ие болмағандықтан, Қазақстанға келген көмекті қай мемлекеттік орган немесе ұйым реттегенін білу үшін Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдады.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (595)

Тақырып бойынша

Тоқаев үйде көмек көрсететін мобильді топтардың саны артатынын хабарлады
"Достықтың айғағы": Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмек жеткізілді
Мақтаарал кәсіпкері гуманитарлық көмек жеткізгендерге 600 тонна қырыққабат таратады
Өзбекстан Түркістанға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек жеткізілді
Кілт сөздер:
гуманитарлық көмек, карантин
Загрузка...

Басты тақырып