17:55 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1345)
1546001

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" басшылары жұмыстан шығарылсын немесе тергеуге алынуы керек, деді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес саласында туындаған қиындықтар үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент медициналық көмек пен аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету мәселесіне тоқталды. Осы орайда тергеу жүргізу қажеттігін айтты. Ал жұмысын дұрыс атқармаған басшылар қызметінен кетуі керек.

"Тергеу жүргізу керек. Қазіргі қиындықтарға кінәлі барлық адамды жауапқа тарту қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" басшылары жұмыстан шығарылсын немесе тергеуге алынуы керек", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешу қажеттігін жеткізді.

"Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Енді нәтиже керек", - деп түйіндеді Тоқаев.

"Он екі көлігі бар": Айбатыр Жұмағұлов желіні шулатқан жазбаға жауап берді

Айта кетейік, мемлекет басшысы сынға алған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты желіде тарап кеткен болатын. Әйел күйеуінің өзіне "он екінші көлік сыйлағанын" жазған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1345)

Тақырып бойынша

Мұхтар Шахановтың орынбасары Тоқаевтан көмек сұрады
"Шешуші кезең болады": Тоқаев коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты  
Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді
"Салғырттыққа жол бермеу керек": Тоқаев кімдер жауапқа тартылатынын айтты
"Намысымыз қайда?": Тоқаев үкіметке шүйлікті
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып