13:44 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
861 0 0

Мемлекет басшысы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий жөнінде түпкілікті шешім қабылданатынын жеткізді 

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты түпкілікті шешім қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын еске салды.

"Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол игерілмеген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатында ғарыштан мониторинг жасау заңнамалық тұрғыдан бекітілгенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Күршім әкімі жер сатылып жатыр деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады 

Айтуынша, түгендеу барысында анықталған игерілмеген 12,8 миллион гектар жердің 7 миллионы мемлекетке қайтарылды.

"Жерді алдың ба, оны игеру керек", - деді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, президент күзгі егін жинау науқанына қазірден бастап дайындалу қажеттігін айтты.

Кілт сөздер:
мораторий, Қасым-Жомарт Тоқаев, жер заңы
Загрузка...

Басты тақырып