Қоғам

Президенттің тапсырмасы: мектептерде жаңа пән енгізіледі

© Sputnik / Владислав ВодневУчебник и клавиатура компьютера, дистанционное обучение
Учебник и клавиатура компьютера, дистанционное обучение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда жыл сайын бес миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық жиналып, оның тек 15%-і ғана өңделеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде экологияға қатысты жаңа пән енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізге мектептерде балалардың экологиялық білімі атты жаңа пән енгізу қажет", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент экология проблемалары елде тиісті деңгейде шешілмей жатқанын айтты.

Жыл сайын бес миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Оның тек 15%-і ғана өңделеді.

"Бұл жеткіліксіз", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Қоқыс өртеп энергия өндіру қолға алынады – мәжіліс заң жобасын сенатқа жіберді

Тоқаев біржолғы рейдтер, айыппұл, экологиялық айлықтар айтарлықтай нәтиже бермей отырғанын жеткізді.

Бұл мәселені шешу үшін экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет, деп санайды президент.

Жаңалықтар
0