15:26 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
183 0 0

Халыққа қызмет көрсету орталығына келген дәрігерлер алматылық әйелді сол жерде босандыруға шешім қабылдаған

АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Алматылық әйел Жетісу ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығында босанды. Ол мемлекеттік мекемеге тіркеуге тұру үшін алдын ала жазылу арқылы келген. Күтпеген жерден әйелдің толғағы басталып, дәрігерлер сол жерде босандырып алды.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

"Әйел танысының үйіне тіркеуге тұру үшін ХҚКО-ға онымен бірге келді. Алдын ала тіркелу бойынша 12.00-ге талон алды. Он минуттан кейін оның толғағы басталды. ХҚКО басшысының міндетін атқарушы Қалмырза Сейтбеков әйелді дереу өз кабинетіне апарып, жедел жәрдем шақырды",– деп хабарлады ол Facebook парақшасында.

Жедел жәрдем дәрігерлері әйелді перзентханаға тасымалдауға тым кеш екенін анықтап, сол жерде босандыру туралы шешім қабылдады.

Сағат 12.30-да бөлім басшысының кабинетінде қыз бала дүниеге келді. Ол отбасының үшінші перзенті.

Оқи отырыңыз: 13 өңірде ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы сәбидің ата-анасын құттықтап, босанған әйелге қызмет көрсетілгенін айтты. Сондай-ақ, ХҚКО қызметін онлайн форматта да алуға болатынын еске салды.

Тақырып бойынша

Келесі жылы ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы өседі
Ертеңнен бастап қазақстандықтар ХҚКО-да жеке куәліксіз-ақ қызмет ала алады
Нұр-Сұлтан тұрғыны ХҚКО қызметкеріне жұдырық ала жүгірді
Төтенше жағдай кезінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?
Қазақстанның тоғыз өңірінде ХҚКО ашылды
Кілт сөздер:
ана, ХҚКО
Загрузка...

Басты тақырып