Қоғам

Қазақстанда гуманитарлық көмек сатыла ма: денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевПолки с лекарствами в аптеке
Полки с лекарствами в аптеке  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрліктің мәліметінше, өндіруші компания отандық фармацевтикалық нарықты қажетті мөлшерде дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз етіп үлгермей жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға гуманитарлық көмек аясында жеткізілген "Тамифлю" препараты дәріханаларда сатылатыны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді.

Желі пайдаланушылары өздерінің жазбаларында "Тамифлюдің" қаптамасы Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, бұл дәрілер елге жеткізілген гуманитарлық көмектен сатылымға шығарылатынын мәлімдеген.

Ал министрліктің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарламасында ақпараттың шындыққа жанаспайтыны айтылған.

"Осыған орай, денсаулық сақтау министрлігі аталған препарат Қазақстанға қолданыстағы заңнамаға сәйкес сараптамалық қаптамада бір реттік жеткізілім бойынша әкелінгенін және ол гуманитарлық көмек ретінде келген дәрі-дәрмектер санатына жатпайтынын мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік пандемия кезінде "Тамифлюге" сұраныс едәуір артқанын атап өтті. Сондықтан да өндіруші компания отандық фармацевтикалық нарықты қажетті мөлшерде қамтамасыз етіп үлгермей жатыр.

"Дәрілік қажеттілікті өтеу үшін АҚШ-тың Patheon Manufacturing Services Llc алаңында өндірілген препарат жеткізілді. "Тамифлю" дәрісінің сапасы, тиімділігі және қауіпсіздігі бойынша Қазақстанда тіркелгендерден айырмашылығы жоқ", – деп хабарлады ведомствоаралық комиссия өкілдері.

Айта кетейік, бұл дәрі рецепт бойынша қатаң түрде жіберіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға келген гуманитарлық көмек екі айға жуық қоймада жатқан

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі пандемияға байланысты Қазақстанда тіркелмеген вирусқа қарсы препараттарды бірыңғай әкелу тәртібі жеңілдетілгенін де жария етті.

Қазіргі уақытта елдегі дәріханаларда "Тамифлю" препараты "633180" сериясымен сатылып жатыр.

Жаңалықтар
0