Қоғам

Қазақстандық кинорежиссер өмірден озды

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұзақ уақыт бойы сырқаттанған режиссер қазақ халқының тарихи тағдыры туралы үш фильм түсіруді армандаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Қазақстандық кинорежиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды, деп хабарлады Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.

"Режиссердің достары мен әріптестері Қалдыбай Әбеновтің азаматтық ұстанымы мықты әрі әділ адам болғанын айтады. Ұзақ уақыт бойы сырқаттанған режиссер қазақ халқының тарихи тағдыры туралы үш фильм түсіруді армандаған", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakh Cinema (@kazakh.cinema)

2002 жылдан бері Қалдыбай Әбенов Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында қызмет етті. Кино және телевизия факультетінде дәріс оқыды.

"Жеті қысқаметражды картина, "Поручик Батырхан" және "Шәкәрім" деректі фильмдері мен 1986 жылдың желтоқсанындағы оқиғаларға арналған "Аллажар" толықметражды фильмін түсірді. Фильмде басты рөлді Ақан Сатаев сомдады", -деп жазылған орталықтың ақпаратында.

"Аллажар" фильмін режиссер 8 жыл бойы түсірген.

Бұған дейін театр және кино актері Дархан Дайырбек, композитор Кеңес Дүйсекеев, актер және каскадер Мұрат Мұқашевтің көз жұмғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтар
0