11:42 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1390)
634 0 0

"Тыныс" АҚ шілденің соңына дейін денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге 270 мобильдік аппаратты жеткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Қазақстанда жыл соңына дейін үш мыңға жуық жасанды тыныс алдырту аппараты шығарылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз денсаулық сақтау және қаржы министрліктерімен бірлесіп жасанды тыныс алдырту аппараттарының өндірісін ұйымдастыру жұмысын жалғастырып жатырмыз. Болжамды қажеттілік 3000 бірлікті құрайтынын ескеріп, біздің өндірушілер оны жыл соңына дейін айына орташа есеппен 550 аппарат шығару есебінен жабады. Алғашқы 50 жасанды тыныс алдырту аппараты осы айда жеткізіледі", - деді Ержанов онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда маска мен костюм шығаратын 7 кәсіпорын ашылды

Ол қосымша қажеттілік туындаған жағдайда "ОралМедРегион" ЖШС және "Қазмедприбор" ЖШС-ның қуатын арттыру көзделіп отырғанын айтты. Бұл айына орта есеппен 386 аппарат немесе жыл соңына дейін 1930 бірлік.

"Қазіргі уақытта Қытай мен Түркиядан сынақ үшін аппараттар жеткізілді. Біріншісі денсаулық сақтау министрлігіне берілді, екіншісі бүгін беріледі. Сынақ сәтті аяқталған жағдайда кәсіпорындар оларды өндіруге кіріседі", - деді вице-министр.

Қазақстанда жасанды тыныс алдыртудың мобильді аппараттарын "Тыныс" АҚ шығарады. Аталған кәсіпорын шілденің соңына дейін денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге 270 мобильдік аппаратты жеткізеді.

"Кәсіпорын айына 500 аппаратқа дейін шығара алады. Сондықтан Қазақстанның барлық 17 өңіріне мобильдік аппараттарға қажеттілікті өзектендіру үшін хат жолданды. Бұл жинақтауыштарды алдын ала сатып алуға және қосымша жұмыс бригадаларын құруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Осылайша, оның айтуынша, отандық өндірушілер жыл соңына дейін 4930 стационарлық және 2695 мобильдік аппарат шығара алады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1390)

Тақырып бойынша

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады
Тоқаев ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келе жатқанын айтты
COVID-19: дәрігерге дер кезінде бармау неге әкеп соғады
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр
Загрузка...

Басты тақырып