16:29 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (580)
24101 0 0

Алматыда бақылау тобының өкілдері жасырын жағдайда өтіп жатқан той үстінен түсіп, мейрамхана иесіне хаттама толтырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қала әкімдігінің жанындағы бақылау тобының өкілдері Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалында өтіп жатқан той үстінен түсті, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Енгізілген қосымша шектеулерге қарамастан, "Райский сад" мейрамханасында өткен тойға бақылаушылармен бірге телеарнаның түсірілім тобы да барған.

Видеодан тойға жиналған қонақтар мониторинг тобының қызметкерлерін көргенде бетперде кие бастағанын байқауға болады. 

Қонақтар сол мезетте-ақ таратылып, мейрамхана иесіне хаттама толтырылды. Енді оған үлкен сомада айыппұл салынуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қатаң карантин: қазақстандықтар алдағы екі аптада да той өткізе алмайды

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар санының өсуіне байланысты 5 шілдеден бастап Алматыда қосымша шектеулер, оның ішінде жаппай және отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (580)

Тақырып бойынша

Төтенше жағдай аяқталды: қазақстандықтарға той-томалақ өткізуге бола ма
Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме
Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді
Қазір той тойлап жүретін уақыт емес – президент
Вице-премьер тығылып той өткізетіндер туралы айтты 
Кілт сөздер:
Алматы, карантин, той
Загрузка...

Басты тақырып