01:28 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1386)
4246 0 0

Өткен аптада көз жұмғандар арасында ғалым, әртіс, актер, композитор, дәрігер мен мемлекеттік қызметшілер бар

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Коронавирус пандемиясы салдарынан маусым-шілде айларында адам жанына араша түскен дәрігерлер, ел игілігі үшін еңбек еткен мемлекеттік қызметкер, ғалымдар мен өнер адамдарынан да айырылдық.

Қазақстанда соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 264 адамға жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болатыны жарияланды.

3 шілдеде Ақтау әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева елу бес жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Замакима Актау Гульжазира Алдашева умерла
© Photo : InAktau
Гүлжазира Алдашева

Алдашеваның әріптестері оның ауырғанын айтты. Алайда коронавирус жұқтырғаны нақтыланбады.

Гүлжазира Алдашева 1965 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Жаңаөзен қаласында өскен. 2019 жылы тамызда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

4 шілдеде ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық 96 жасында дүниеден озды. Бұл жайында Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты хабарлады.

"Қазақ тіл білімінің абыз анасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық дүниеден өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Рәбиға Сәтіғалиқызы отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - деп хабарлады институт әлеуметтік желіде.

Рәбиға Сәтіғалиқызы 1924 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл қалашығында туған.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Түрік тіл қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ұлттық ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының, І дәрежелі "Барыс" орденінің иегері.

5 шілдеде елге танымал спорт журналисі әрі комментатор алматылық "Қайраттың" ардагері Диас Омаров сексен жасқа қараған шағында дүниеден озды.

"Спорт журналистикасының мэтрі Диас Омаров дүниеден озды", - деді спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров.

Диас Омаров
Спорт журналистикасының мэтрі Диас Омаров

Диас Омаров 1940 жылы 20 қазанда дүниеге келген. 1959-1964 жылдар аралығында алматылық "Қайрат" командасында ойнады. 1966 жылдан Қазтелерадионың спорт комментаторы болған. Ал 1998 жылдан "Хабар" арнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеді.

Дәл осы күні қазақстандық актер әрі Nomad Stunts тобының каскадері Мұрат Мұқашев қайтыс болды. 

Мурат Мукашев
Nomad Stunts тобының каскадері Мұрат Мұқашев

Суыт хабарды Nomad Stunts жетекшісі Жандарбек Күнғожинов пен актер Ерден Телемісов хабарлады. 

"Бір апта ауырды. Соңғы үш күнде дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындады. Пневмония. Кешке ауруханаға жеткізілді, 7.10-да қайтыс болды", - деп жазды Ерден Телемісов Facebook парақшасында.

Мұрат Мұқашев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол Nomad Stunts тобында каскадер болып қызмет кеткен. "Марко Поло", "МакМафия", "Всемогущий" сериалдарына түскен.

7 шілдеде белгілі қазақстандық дизайнер Берік Ысмайылов дүниеден өтті. 

Суыт хабарды өнер адамдары әлеуметтік желіде хабарлады.

"Коронавирус елімізге қауіп төндірген алғашқы күннен-ақ тегін маска тігіп,таратып, бүкіл шәкірттерін сол жұмысқа жұмылдырған патриот, тамаша дизайнер, елгезек жан Берік Исмаилов ағамызды да сұм ажал, беті жаман індет арамыздан алып кетті",- деп жазды журналист Дана Нұржігіт.

Берік Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры.

8 шілдеде қазақстандықтар тағы бір дарынды ұлынан айырылды. Театр және кино актері Дархан Дайырбек бір аптадай жансақтау бөлімінде жатып, дүниеден өтті.

© Photo : кадр из фильма "Аким"
Театр және кино актері Дархан Дайырбек

Қаралы хабарды режиссер Нұртас Адамбай әлеуметтік желіде жариялап, марқұмның туыстарына көңіл айтты. Алайда актердің нақты неден қайтыс болғанын нақтыламады.

Дархан Дайырбек 1994 жылы Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. "Ограбление по-казахски", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабина-2", "Әкім", "Құдалар", "Жених на пять дней" және "Досье тамады" фильмдері арқылы көрерменге танылды.

Дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың анасы Үлмекен Түймебай келіні қайтыс болды. Марқұмның неден қайтыс болғаны хабарланбады.

9 шілдеде коронавирус инфекциясынан химия ғылымының докторы, ғалым Еділ Ерғожин дүниеден өтті. Суыт хабарды Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов хабарлады.

Еділ Ерғожин 1941 жылы Талдықорған облысы Талдықорған ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері.

9 шілдеде белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев 74 жасында дүниеден өтті.

Қаралы хабарды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Алайда композитордың нақты неден қайтыс болғаны хабарланған жоқ.

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Пірімов ауылында дүниеге келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

Дүйсекеевтің жетекшілігімен "Тамаша", "Халық – талант қайнары", "Шабыт", "Жастарға арналған музыкалық кештер", "Музыка әлемінде" секілді теледидарға арналған бағдарламалар шығарылды.

Кеңес Дүйсекеев "Толғау" симфониясының, "Жалаңтөс батыр" симфония поэма-картинасының, "О, дүние" кантатасының, "Жыл мезгілдері" романстар циклінің, "Мәди", "Аққу Жібек" мюзиклінің, "Алдар көсе" опереттасының және 200-ге тарта әннің авторы.

Композитор 1994 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағымен марапатталды.

Дәл осы күні Өскеменнің бас полицейі Дәуір Ыбыраев қайтыс болды. Қаралы хабарды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция полковнигі Дәуір Ыбыраев 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ведомстволық жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң Шығыс Қазақстан облыстық полициясының жедел-тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеді. Қызмет жолында Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдеріне басшылық етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Усть-Каменогорска (@vko.oskemen1)

2016 жылдан бастап Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды. Марқұмның неден қайтыс болғаны нақтыланған жоқ.

10 шілдеде Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Умер главный санитарный врач Алматинской области Кайрат Баймухамбетов
© Photo : Пресс-служба облздрава
Қайрат Баймұхамбетов

2019 жылдың 23 мамырынан бастап тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды.

"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалімен марапатталған.

10 шілдеде Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZhetysuPress (@zhetysupress)

Серікжан Бескемпіров 1960 жылы 1 қаңтарда Алматы облысының Үштөбе қаласында туған.

2012 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

11 шілдеде қазақстандық кинорежиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды. Суыт хабарды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жеткізді.

Қалдыбай Сейітбатталұлы 1951 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakh Cinema (@kazakh.cinema)

2002 жылдан бері Қалдыбай Әбенов Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында қызмет етті. Кино және телевизия факультетінде дәріс оқыды.

Көпшілікке белгілі "Аллажар" фильмін режиссер 8 жыл бойы түсірген.

11 шілдеде Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қалихан Қозбағаровтың пневмониядан көз жұмғаны белгілі болды. Дәрігер өзі басшылық еткен ауруханада ем алған.

Әріптестерінің айтуынша, Қозбағаров коронавирус инфекциясына ПТР тест тапсырған, нәтижесі теріс шыққан.

Дәл осы 11 шілдеде Алматыда тағы бір дәрігер, белгілі уролог-хирург Әділбек Хамзин көз жұмды. Бұл туралы "Persona" халықаралық клиникалық репродуктология орталығының бас директоры Вячеслав Локшин хабарлады.

12 шілдеде президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігері Павел Шолох коронавирустан қайтыс болды.

"Президенттік клиника Павел Шолоховтың туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады. Павел Иванович - медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы уролог-дәрігер, Клиниканың ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі, 20 жыл бойы медицина саласында қызмет етті", - деп жазылған клиниканың Facebook парақшасында.

Тағы оқыңыз: Бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосты - үш қазақстандық бапкер қайтыс болды

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)

Тақырып бойынша

Үшеуі де қайтыс болды - Көкшетауда коронавирус жұқтырған отбасы туралы айтылды
Назарбаевтың келіні қайтыс болды
Тимур Құлыбаевтың анасы қайтыс болды
Белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды
Алматыда белгілі журналист қайтыс болды
Загрузка...

Басты тақырып