03:14 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1375)
216 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирустан қайтыс болғандар үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығы негізінде қайтыс болғаннан кейін дәрігер Олег Исаев пен Қалихан Қозбағаров марапатталды. Марқұмдарға жоғары дәреже – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы мен ерекше белгі – "Алтын жұлдыз" және "Отан" ордені берілді.

Олег Исаев – Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы Көкшетау қалалық көп салалы ауруханасының бөлім меңгерушісі, ал Қалихан Қозбағаров – Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарған.

Президент қызметтік міндеттерін орындау барысында дәрігерлердің адалдығын атап өтіп, медицина қызметкерлерінің республика үшін сіңірген еңбегі зор екенін айтты.

Ал денсаулық сақтау министрлігі аза тұту күнінде коронавирус пандемиясынан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің есімдерін атады.

Олардың қатарында Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігері Олег Исаев та болды. Сондай-ақ, 11 шілдеде Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қалихан Қозбағаров пневмониядан қайтыс болғандығы белгілі болды. Дәрігер өзі басқаратын медициналық мекемеде науқастарды емдеген. Әріптестерінің айтуынша, Қалихан Қозбағаров коронавирусқа ПТР тест тапсырған, бірақ расталмаған.

Оқи отырыңыз: Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды

Айта кетейік, осы жарлыққа сәйкес Қазақстан президенті қызметтік борышын үлгілі атқарып, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы табанды еңбегі үшін медицина саласының марқұм болған тағы бірқатар қызметкерлерін "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" орденімен наградтады. Олардың қатарында өңірлердегі мамандандырылған ауруханалар мен медициналық орталықтардың дәрігерлері, бөлім меңгерушілері, инфекционистері, сонымен қатар медициналық жедел жәрдем станциясының дәрігерлері, фельдшерлер, санитарлар, қатардағы қызметкерлер мен көлік жүргізушілері де бар.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1375)

Тақырып бойынша

Маусым айында 628 науқас пневмониядан көз жұмды – бас санитар дәрігер
"Күрт нашарлайды": алматылық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды айтып берді
Байқоңырға коронавируспен күресу үшін ресейлік дәрігерлер келді
Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер қай өңірлерге жіберілетіні айтылды
Кілт сөздер:
марапаттау, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып