Қоғам

Әкімдік жұрттың наразылығын тудырған видеоға түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар 40 градус ыстықта дәрігерлердің жол бойына шығып, бір минут үнсіздік рәсіміне қатысқанына байланысты наразылық білдірді

АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов медицина қызметкерлерінің флешмобына қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желі қолданушылары қырық градус ыстықта медицина қызметкерлерінің көшеде тұрғанына наразылық білдірген болатын.

"Шымкентте облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қажетсіз бастама көтеріп, аурухана ұжымын (дәрігер, медбикелер) көшеге шығарды. Мұндай қиын уақытта дәрігерлердің тікелей міндетіне кедергі келтіру қылмысқа тән озбырлық деп санаймын. Мән-жайы анықталған соң ол жауапкершілікке тартылады", - деді Қалқаманов. 

Аурухана Түркістан облысына қарайды.

 

Сонымен қатар Қалқаманов облыста COVID-19-дан қайтыс болғандарды еске алуға байланысты тек үш жерде аза тұту рәсімі өткенін айтты. Бір минут үнсіздік болған орындарда барлық санитарлық норма сақталған.

"Түркістандағы басты тудың жанында полицейлер, қалалық емхана маңында әкімшілік қызметкерлері, облыс әкімдігінде облыс әкімі мен әкім аппараты пандемия салдарынан мезгілсіз дүниеден өткендерді еске алды", - деп атап өтті ол.

Айта кетсек, мұндай шара Ақтөбе мен Нұр-Сұлтан қалаларында да өтті.

Жаңалықтар
0