18:01 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2044330

Дәрігер түрлі фитопрепараттар мен шөп тұнбаларын қолдануға да кеңес беріп отыр. Бұл ағзаның қалпына келуіне көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова өкпесі зақымдалған науқастарға халық медицинасының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол коронавирустан өкпесі зақымдалған науқастарды емдеуде ең маңыздысы тыныс органдарын оңалту екенін атап өтті. Сол себепті дәрігерлер пациенттерге тыныс алу гимнастикасымен айналысуға кеңес береді. 

"Күніне үш рет 10-15 минуттан қарапайым жаттығу жасап тұрыңыздар. Терең дем алып, демді шығару өкпе жұмысын жақсартады", - деді профессор. 

Қасенованың айтуынша, тыныс жаттығуларынан бөлек, оңалту кезеңі кезінде халық медицинасының да маңызы зор әрі қолжетімді. 

"Біз ұлттық сусынымыз – қымыз бен шұбаттың емдік қасиетін жақсы білеміз. Егер пациентте панкреатит немесе асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары болмаса, оларды іше беруге болады. Өйткені ол дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Коронавирус ағзаға ауыр соққы болғандықтан, қымыз бен шұбат қайта қалпына келуге көмектеседі", - деді пульмонолог.

Сонымен қатар, дәрігер түрлі фитопрепараттар мен шөп тұнбаларын қолдануға кеңес берді.

 

Тақырып бойынша

Дәрігер коронавирус кезінде нені жеуге болмайтынын айтты
"Рактан жазылды". Қымыз бен шұбат қандай ауруларға ем?
Таптырмас ем: құйрық майдың біз білмейтін қандай пайдасы бар?
"Жылаған жұрт тыным бермеді": Айнұр Тұрсынбаева сүйінші сұрады
Коронавирустан шын мәнінде қанша адам қайтыс болды?
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, шұбат, қымыз, дәрігер
Загрузка...

Басты тақырып