02:19 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1386)
428 0 0

Қазір республикада 10-шы клиникалық хаттама қолданылады. Дүйсенбіде он бірінші хаттаманың нұсқасы бекітіледі

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің коронавирус инфекциясынан емдеу хаттамаларында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бұл туралы Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қасенованың айтуынша, қазір республикада 10-шы клиникалық хаттама қолданылады. Дүйсенбіде он бірінші хаттаманың нұсқасы бекітіледі. 

"Біздің клиникалық хаттаманың өз ерекшеліктері бар. Бірақ мен олар Ресейдің ұсынымдарынан түбегейлі ерекшеленеді деп айтпас едім. Бірдей болуы мүмкін емес, өйткені бізде ауру белгілері де әртүрлі болуы мүмкін", - деді ол.

Дәрігер Қазақстанда вирустан емдеу әдісі әзірленген кезде тек ресейлік хаттамалар ғана емес, халықаралық ұсынымдар да назарға алынатынын атап өтті. Барлық мәлімет талданып, өңделіп, Қазақстанға сәйкес келгені хаттамаға енгізіледі. 

"Жалпы біздің инфекционистер өзіміздің клиникалық хаттаманы мақтаныш етеді. Себебі оның коронавирустан емдеу жөніндегі халықаралық ұсынымдардан айырмашылығы жоқ", - деді Қасенова. 

Ол жуырда Қазақстанға мәскеулік дәрігерлер келіп, тәжірибесімен бөліскенін еске салды. Ресейдің ақхалаттылары өз елінде қолданылатын клиникалық хаттаманың уақытша екенін айтқан. Қазір көрші елде хаттаманың сегізінші нұсқасы жасалып жатқан көрінеді.

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)

Тақырып бойынша

Өкпе зақымданған кезде қымыз бен шұбат ішуге бола ма - дәрігер жауабы
Әкімдік жұрттың наразылығын тудырған видеоға түсініктеме берді
Пульмонолог тыныс алудың қиындауы ненің белгісі екенін түсіндірді 
Дәрігер денсаулық министрлігінің тағы бір қателігін айтты
Енді той өткізгендер де, тойға барғандар да айыппұл төлейді
Кілт сөздер:
Ресей, Қазақстан, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып