Қоғам

Тағы бір бокс бапкері Аманбек Досмаилов қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан бокс федерациясы Қызылорда боксы ақсақалының  қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында тағы бір бокс бапкері Аманбек Досмаилов қайтыс болды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

"Қазақстан бокс федерациясы мен Қызылорда облысының бокс федерациясы Қызылорда боксының ақсақалы, белгілі бапкер, КСРО спорт шебері Аманбек Досмаиловтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қызылорда облысының барлық еңбек сіңірген бапкері – Аманбек Рахметұлының шәкірттері. Бұл біздің спорт үшін орны толмас қаза", - делінген федерация хабарламасында.

Бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосты - үш қазақстандық бапкер қайтыс болды

Бұған дейін еңбек сіңірген бокс бапкерлері Берік Ермағанбетов, Жеңіс Жарылғапов және Ақылбек Теміров Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Бокс федерациясы спортшылардың туыстарына, достары мен шәкірттеріне қайғырып көңіл айтты.

Жаңалықтар
0