15:18 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1541)
379901

Бұл тарифтік жоспар қашықтан оқыту форматына көшуге, шалғай ауыларда электронды қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, дейді Асқар Жұмағалиев   

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Ұялы байланыс операторлары мұғалімдер мен оқушылар үшін арнайы тарифтік жоспар әзірлеп жатыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұялы байланыс операторларымен бірге мұғалімдер мен оқушыларға арналған арнайы тарифтік жоспар әзірлеу мәселесі пысықталды. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды, сондай-ақ білім және ғылым министрлігі белгілеген отандық білім беру ресурстарына лимитсіз қосылуды қарастырады", - деді Жұмағалиев үкімет отырысында.

Сонымен қатар, айтуынша, бұл қашықтан оқыту форматына көшуге, шалғай ауыларда электронды қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, министр президенттің интернетті қолжетімді етуге қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқанына тоқталды.

Оқи отырыңыз: Оқушылар бірінші тоқсанда қалай оқиды – үкімет шешім қабылдады 

Ол қазіргі таңда еліміздің 4649 елді мекені интернетпен қамтылғанын, бұл халықтың 97%-ін құрайтынын атап өтті.

"Осы жылы 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерге талшықты оптикалық желілер, мобильді және радиотехнологиялар арқылы интернетті жеткізу жобаларын аяқтау жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде интернетпен қамту деңгейі 99,3 процентке жетеді", - деді ведомство басшысы.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1541)

Тақырып бойынша

Денсаулық сақтау министрі балаларды қашықтан оқытуды ұсынды
Оқушылар жаңа оқу жылында қалай білім алады – білім министрлігінің жауабы
Қазақстанда жаңа оқу жылында мектеп формасы міндеттелмейді
Карантин 2 тамызға дейін ұзартылды
Қазақстанда оқушыларға кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі
Кілт сөздер:
оқушылар, мұғалімдер, тарифтер
Загрузка...

Басты тақырып