15:12 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1541)
733810

Санитарлық-эпедимиологиялық ахуал жақсарса, елді мекендерде орналасқан колледждер дәстүрлі форматта жұмыс істейді, студенттер сабаққа барады

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында студенттердің қалай білім алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Колледждер жаңа оқу жылын қашықтан бастайды. Ал дәстүрлі формат өндірістік оқыту мен кәсіби іс-тәжірибе кезінде болады. Оны жеке кесте бойынша, көбінесе, бірінші және соңғы курс студенттері үшін ұйымдастырады", - деді Аймағамбетов онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда оқушыларға кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі 

Министр шалғай жатқан елді мекендерде жұмыс істейтін колледждерге де тоқталды. Егер санитарлық-эпедимиологиялық ахуал жақсарса, елді мекендерде орналасқан колледждерде дәстүрлі формат болады, студенттер сабаққа барады.

"Жоғары білім беру саласында оқыту шаралары қашықтан жүргізіледі. Ал дәстүрлі формат жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар үшін ұйымдастырылады. Мысалы, докторантура, өндірістік оқыту мен кәсіби іс-тәжірибе үшін жасалады. Сосын кейбір мамандықтар бойынша дәстүрлі форматты ұйымдастыруға болады", - деп түйіндеді Аймағамбетов.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1541)

Тақырып бойынша

Карантин 2 тамызға дейін ұзартылды
Оқушылар жаңа оқу жылында қалай білім алады – білім министрлігінің жауабы
Қазақстанда жаңа оқу жылында мектеп формасы міндеттелмейді
Денсаулық сақтау министрі балаларды қашықтан оқытуды ұсынды
Оқушылар бірінші тоқсанда қалай оқиды – үкімет шешім қабылдады  
Қашықтан оқыту: мұғалімдер мен оқушылар арнайы тарифпен сөйлеседі
Кілт сөздер:
білім министрлігі, студенттер
Загрузка...

Басты тақырып