Қоғам

Қашықтан оқыту кезінде қанша уақыт демалыс берілетіні белгілі болды

© Sputnik / Владислав Воднев Горожане у фонтанов
 Горожане у фонтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет жаңа оқу жылына қатысты шешім шығарды. Оған сәйкес, мектеп оқушылары 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқиды  

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Жаңа оқу жылында демалыс мерзімі өзгермейді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаңа оқу жылына қатысты бұйрық әзірледік. Осы құжатта демалыстың мерзімі көрсетілген. Ол өзгермейді. Қашықтан оқыту жүйесі болса да, балалар қатты шаршайды. Сондықтан демалыстың болғаны дұрыс. Оған қатысты ешқандай өзгеріс жоқ. Демалыс сол күйінде қалады", - деді Аймағамбетов онлайн брифингте.

Айта кетейік, бүгін үкімет жаңа оқу жылына қатысты шешім шығарды. Оған сәйкес, мектеп оқушылары 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқиды. Ал бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптары ашылады. Бірақ ол үшін ата-аналарының жазбаша өтініші қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда оқушыларға кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі 

Кезекші сыныптарда балалар тек бір кабинетте оқиды, үзіліс әртүрлі уақытта болады. Кіреберісте оқушылардың дене қызуы өлшенеді. Ауаны тазарту, кварцтау және ылғалды тазалау жұмыстары күшейтіледі.

"Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін оқытуды ауысымға және 10-15 бала санынан аспайтын топтарға бөлу, мектепте оқу күндерін алмастыра оқыту қарастырылып отыр. Десе де, бұл балалар үшін пәндердің бір бөлігі қашықтан оқытылады", - дейді Аймағамбетов.

Жаңалықтар
0