17:16 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (580)
943 0 0

Министрдің түсіндіруінше, осы жолы жұмысшылар зейнетақы және әлеуметтік жарналардың төленгенін растамайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Шілде айына төленетін 42 500 теңгеге жалдамалы жұмысшылардың атынан жұмыс беруші өтініш береді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр жалдамалы жұмысшыларға қатысты өзгерістерге тоқталды. Солардың бірі әлеуметтік жәрдемақыға өтініш беруге қатысты.

"Өткенде 42 500 теңге төлеген кездегі тәжірибені ескеріп, бұл жолы жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті тек оның жұмыс берушісі береді", –деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Яғни, жұмыс беруші қол астындағы қызметкерлерін ақысыз демалысқа жібергенін растап, өтініш беруі тиіс.

Ол үшін министрлік порталдарда жұмысшылардың тізімі мен мәліметтерін енгізуге арналған сервисті іске қосады.

Оқи отырыңыз: Жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттен әлеуметтік төлем алады

Сонымен қатар, осы жолы жұмысшылар зейнетақы және әлеуметтік жарналардың төленгенін растамайды.

"Біз осы жолы жұмысшыларға зейнетақы жарнасының, әлеуметтік жарнаның төленгенін растау туралы талап қоймаймыз. Өткен жолы білесіздер, кемінде он екі айда бір төлем жасалуы керек деген едік. Ондай талап алынып тасталды", – деді ведомство басшысы.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (580)

Тақырып бойынша

Қазақстанда бір реттік төлем барлығына неге берілмейді – министр түсіндірді
Мемлекеттен әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар тізімі өзгерді
42 500 теңге: министрлік әлеуметтік төлем алғандар саны көп үш өңірді атады
42 500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қажет пе?
2020 жылы кімдер үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем көбейеді
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, жұмысшылар
Загрузка...

Басты тақырып