Қоғам

Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр шілде айы үшін табысынан айырылғандарға неге  жәрдемақы төленгелі жатқанын да түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Карантин жыл соңына дейін ұзартылса, әлеуметтік төлем төлеу мәселесі бөлек қаралады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр БАҚ өкілінің карантин жыл соңына дейін ұзартылса, қаржылай көмек тағы қарастырылуы мүмкін бе деген сұрағын да жауапсыз қалдырмады.

"Бәріміз тәртіп сақтап, коронавирусты жеңіп шыққанымыз дұрыс шығар. Екі аптаға тағы созылды. Сол уақыт аралығында үкімет, қоғам, медицина саласы бар күшін салып, коронавирусқа қарсы күрес жүргізеді. Біз шілденің соңына дейін жағдай дұрысталса екен деп тілейміз, ол бәрімізге де жақсы. Ал енді жалғасып жатса, әрине, төлем мәселесі бөлек қаралады. Бірақ бұл жолы тек бір айға, шілдеге бірреттік төлем беру туралы шешім қабылданды", – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Сондай-ақ, министр шілде айы үшін табысынан айырылғандарға неге  жәрдемақы төленгелі жатқанын түсіндірді. Бұған дейін билік төтенше жағдай аяқталғандықтан, карантин кезінде 42 500 теңге беруге заңнамалық негіз жоқ екенін мәлімдеген еді.

"Бұл жолы саяси шешім қабылданды, заңгерлеріміз тетіктерін қарастырды. Бізде төтенше жағдайдың алдында президенттің әлеуметтік-экономикалық ахуалды реттеу туралы жарлығы жарияланған болатын. Сол жарлыққа сәйкес, осындай дағдарыстық ахуалда заңнамалық актілерді мемлекеттік органдар өз құзыретінде, я болмаса президенттің тапсырмасымен іске асыруға болатыны жайлы норма бар. Біз осы жолы соған сүйеніп отырмыз", –деді министр.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты

Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақыны төлеуге халықтың жанайқайы түрткі болған.

Жаңалықтар
0