Қоғам

Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді

© AFP 2024 / BEHROUZ MEHRIДевушка в маске гуляет на улице под зонтом
Девушка в маске гуляет на улице под зонтом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде Шымкент, Кентау және Түркістан қаласына коронавирус инфекциясы жұқтырылған маскалар жеткізілгені туралы айтылған аудиожазба тараған еді

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қытай халық республикасынан гуманитарлық көмек ретінде әкелінген маскаларға коронавирус инфекциясы жұқтырылған деген аудиожазбаны фейк деп атады.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, комитет басқа елдерден жеткізілген барлық медицина заттары мен дәрі-дәрмектің белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігі мұқият тексеруден өтетінін атап өтті.

"Аталған жағдай бойынша ақпаратты таратушының жеке басын анықтау үшін іс ішкі істер органдарына берілді. Азаматтардан әлеуметтік желідегі шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенбеуді және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", - деді денсаулық министрлігінің комитеті.

Айта кетейік, жалған ақпарат таратқан азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан плазмасы негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленетіні туралы ақпарат тарады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпаратты жоққа шығарды.

Жаңалықтар
0