Қоғам

Аза тұту күні дәрігерлерді көшеге шығару бастамасын кім көтергені белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлерді көшеге шығару туралы бастаманы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы көтерді, деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық аза тұту күні дәрігерлердің көшеге шығып, бір минут үнсіздік рәсімін өткізуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі пандемия құрбандарын еске алу құрметіне флешмоб өткізуді ұсынған жоқ. Бұл әрбірінің азаматтық парызы деп ойлаймын. Дәрігерлерді көшеге шығару туралы бастаманы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы көтерді", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Бюрабекова онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Шымкент әкімі желіде тарап кеткен видеоға түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі тек санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырған.

Вице-министр флешмоб үшін жазалау орынсыз деп санайды. Себебі бұл азаматтардың өз бастамасы.

"Олар қайтыс болғандарды құрметпен еске алды, сондықтан, менің ойымша, бұл ретте жазалау мәселесі көтерілмеуі керек", - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 шілде Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Қаралы күні Шымкентте дәрігерлер жол бойына шығып, бір минут үнсіздік рәсіміне қатысқан. Әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықтардың наразылығын туғызды.

Жаңалықтар
0