Қоғам

Коронавируспен ауырғандар жұмысқа қашан шыға алады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиКол-центр
Кол-центр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Эпидемиология кафедрасының доценті коронавирус белгілері бар адамдарға екі апта үйден шықпауды ұсынды

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Пандемия кезінде көптеген қазақстандық қашықтан жұмыс істеуге ауысты. Алайда карантин аяқталған соң жұмысты кеңседе жалғастырады. Заң бойынша қызметкерлер COVID-19-ға ақылы ПТР-тест тапсыруға міндетті емес.

Коронавируспен ауырғандар әріптестеріне инфекция жұқтырып алмау үшін қандай сақтық шараларын сақтауы қажет екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің эпидемиология кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев айтып берді.

Тест оң нәтиже көрсетсе...

Егер қызметкер тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсетсе, ол 14 күн оқшаулауда болуы керек. Содан кейін қайтадан коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін анализ тапсыруы қажет,  дейді Қыпшақбаев.

"Екі апта оқшаулануы керек. Содан кейін қайта тест тапсыруы қажет. Егер талдау нәтижесі теріс болса, кеңсеге барып жұмыс істеуге болады", - деп жауап берді маман Sputnik Қазақстан тілшісіне.

ПЦР-тест теріс, бірақ COVID-19 белгілері болса

Қыпшақбаев ПЦР-тест теріс нәтиже көрсеткен жағдайда кеңседе жұмыс істеуге болатынын атап өтті.

Дегенмен, коронавирус белгілері болса, сақтанып, екі апта үйде болу керек, дейді ол.

"Мұндай жағдайда екі жолы бар. Біріншісі - талдау нәтижесі дұрыс, демек қызметкер суық тигізіп алған. Екіншісі – талдау нәтижесі қате. Осындай жағдаймен бетпе-бет келсе, екі апта сақтанған дұрыс. Немесе біраз уақыт өткен соң қайтадан анализ тапсыруға болады", - деді ол.

Үйде емделіп, COVID-19 бар-жоғын анықтамаса, кеңсеге баруға бола ма

Доцент үйде ем алғандарға коронавирустың бар-жоғын нақтылауды ұсынды.

"Әр түрлі жағдай болуы мүмкін, алайда мұндай жағдайда тек өз пікіріне сенудің қажеті жоқ. Тест тапсыру қажет", - деп жауап берді ол.

Пневмониямен ауырса, қалпына келуге қанша күн кетеді

Егер адам пневмониямен ауырса, онда жұмысқа шықпас бұрын өз жағдайын мұқият зерттеуі қажет.

"Бактериялық және вирустық пневмония кезде ағза әлсірейді. Әрине, әр адамда әртүрлі болады. Алайда әдетте қалпына келу үшін бес күн жеткілікті. Адам ауырып болғаннан кейін тест тапсырып, содан кейін ғана жұмысқа барғаны дұрыс", - деді Қыпшақбаев.

Қазақстанда ұжымдық иммунитет қашан қалыптасады

Эпидемиология кафедрасының доцентінің айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың жартысынан көбі ауырып шығуы керек.

 

Жаңалықтар
0